×

Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер бой көтереді

Кейбір мектептер бір ауысымға көшеді

Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер бой көтереді

 

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында елімізде 840 мың бала жаңа форматтағы мектептермен қамтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Аймағамбетовтің айтуынша, аталмыш бағдарлама аясында Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер бой көтереді. 

Бұл – ауыз толтырып айтуға болатын бағдарлама. Себебі қолданысқа 840 мың жаңа, барлық стандарттарға сай, жайлы орын беріледі. Сәйкесінше 2025 жылдың соңына дейін біз үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептерді толығымен жоямыз. Оған қосымша орын тапшылығы да жойылады. Мәселен, бүгінгі таңда Астанада 30 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді. Ал 2025 жылы Астанада 90 мың орын қолданысқа беріледі", – деп мәлімдеді министр. 

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, "Жайлы мектеп" бағдарламасы жүзеге асырылған соң мектептердің кейбірі бір ауысымға көшеді. 

"Қазір бір сыныпта 25 емес, 40 бала отырған мектептер бар, себебі оқушылар сыймайды. Бұл баланың алған біліміне де әсер етеді. Ол мұғалімге де қиын, бағалау да қиынға соғады. Ал жаңа мектеп ашылып, бір ауысымға кезең-кезеңмен көшкенде балалардың әл-ауқатына, үлгеріміне, қауіпсіздігіне, мұғалімдердің жүктемесіне де оң әсерін тигізеді", – дейді ол. 

Министр сұхбат барысында мектептердің спорт залдарымен қамтылуына да тоқталып өтті. Оның пайымдауынша, "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында салынатын мектептер бірнеше спорт залымен қамтылады. 

"Қазір 1 200 орындық мектеп салынса, мұнда тек 1 спорт залы болады. Алайда осы секілді мектептерде кем дегенде 3-4 зал болуы қажет. Бір залда бірнеше сынып дене шынықтыру сабағын өтіп жатады. Мұның қандай тиімділігі бар? Сондықтан "жайлы мектептерде" бірнеше спорт зал салынады. Әрі бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары бөлек блоктарда оқытылады. Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кішкентай балақайларымыздың дәретханасы, өздерінің тиісті кабинеттері болады. Әрі салынатын мектептердің сапасы да жоғары болмақ. Қолданылатын құрал-жабдықтар да ерекше болады", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов. 

Аймағамбетов алдағы уақытта мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептірінің деңгейіне дейін көтеру жоспарланып отырғанын айтады. 

"Бұрын белсенділер Назарбаев зиятркелік мектептерін қарапайым мектептердің деңгейіне дейін түсіру керек дейтін. Ал біз керісінше қарапайым мектептердің деңгейін көтеру керек дейміз. Келесі мәселе – жаңа мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер. Сондықтан мектептерді мұғаліммен қамту, мұғалімдерге тиісті жағдай жасау, олардың біліктілігін арттыру бағыттарын да қамтып жатырмыз", – деп түйіндеді министр. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →