×

Мәжіліс депутаттары демалыстарын Алакөлде өткізіп жатыр

Дәулет Мұқаев көлдің батпағының қасиетін айтты

Мәжіліс депутаттары демалыстарын Алакөлде өткізіп жатыр
Дәулет Мұқаевтың instagram.com парақшасы

Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев секілді Мәжіліс депутаттары Алакөлде жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz. 
Дәулет Мұқаев көлдің батпағының қасиетін айтты.

«Алакөлдің суынан бөлек, батпағы да пайдалы. Алакөлдің суына емдік қасиет беретін – саз балшық пен тұзды су. Балшық буын мен тері ауруларына, радикулит пен дене жарақатын жазуға ем. Саздың құрамында кремний көп, иммунитетті жақсартады. Көлдің (Абай облысы, Жарбұлақ ауданы) суы тұзды. Құрамында хлор мен натрий тұздары, хлорлы натрий сульфаты, фтор мен бром көп. Судың мұндай қасиеті адамның жүйке жүйесін тыныштандыру мен тері ауруларын жазуға жақсы», - дейді Дәулет Мұқаев.

Айта кетейік, Алакөл суының құрамында радон бары ғылыми түрде дәлелденген. Яғни, адамның буын аурулары, тері аурулары, қан айналымы жүйесіне, тб. пайдасы зор радон көрсеткішінің жоғары екені анықталған.
Каникулға шыққан депутаттар бұған дейін қайда демалатынын айтқан еді. Мұқаев Түркияға баратынын айтқан еді.

«Депутат болмай тұрып, Түркияға жолдама алып, бронь жасап қойғанмын. Демалыста Түркияға барамын. Сондай-ақ, шілде айының соңында Алакөлде демалу жоспарым да бар. Ал алғашқы 10 күнде Астанада боламын. Халықпен жүздесіп, кездесулерге қатысамын», - деген еді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →