×

"Мүфтият пен біздің арамыздағы дау үшін қажылар зардап шекпеуі тиіс": Қажылық компания директоры мәлімдеме жасады

Қажылыққа барып алданып қалған адамдар елге оралды

"Мүфтият пен біздің арамыздағы дау үшін қажылар зардап шекпеуі тиіс": Қажылық компания директоры мәлімдеме жасады
ummet.kz

Қажылыққа барып алданып қалған адамдар елге оралды. Бұл туралы «Zam-Zam Qazaqstan»  компаниясының директоры Данияр Илиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі таңда барлық қажыларымыз аман-есен елге оралды. Автобуста болған 120 қажының 69-ы парызын өтей алмады. Ал 51-інің жолы болды. Ешкім депорт болған жоқ, бәрі аман-есен елге оралды. Түрмеге қамау, айыппұл салу дегендерге жол берілмеді. Парызын өтей алмаған 69 адамның 48-імен келісімге келдік. Негізі жауапкершілікті кінәлі адамдар алуы тиіс еді. Бірақ соған қарамастан бұл кісілерді біз апарғанымыз үшін, зардап шекпеу үшін «Zam-Zam Qazaqstan»  компаниясының директоры ретінде жауапкершілікті өз мойныма алып жатырмын», – дейді Данияр Илиев.

Ол тергеу барысында кінәлі адамдар анықталады деп үміттенетінін айтты.

«Тергеу ешқандай бассыздық болып жатқан жоқ. Барлығы әділ өтіп жатқанына сенемін. Өйткені бұл іс Президенттің бақылауында. Мүфтият пен біздің арамыздағы дау үшін қажылар зардап шекпеуі тиіс. Келесі жылы қажылық болғанда бірінші болып, осы 69 адамның ақшасын қайтарамыз», - дейді компания басшысы.

Айта кетейік, өткен айда 380 қазақстандық қажылыққа барамыз деп алданып қалғаны хабарланған болатын. 21 маусым күні Алматы қаласынан жолға шыққан қажылар екі күн жол жүріп, бірнеше қаланы басып өтіп 23-күні Сауд Арабиясының Жидда қаласына жеткен. Кейін  Мина жазығына бет алғанда, Сауд Арабиясының тәртіп сақшылары қазақстандық қажылар отырған екі көлікті тоқтатып тексереді.  Олар әріқарай жүруге тыйым салып, автобусты тоқтатып тастаған.  Сауд Арабия билігі «жалған визамен келіп, заң бұзды» деп, қажыларды полиция бөлімшесіне апарып, тергеп-тексереді.

Кейін бұл іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Ол алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс екенін  Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісі барысында алаяқ компания өз жазасын алуы тиіс деген еді.

Қазіргі кезде қажылардың мәселесіне қатысты тергеу басталып та кетті

ҚМБД биыл тек «Zam-Zam Qazaqstan» ғана емес, «Zulay Trevel», «Sultan Trevel», «Zamzam Company» сынды туристік фирмалар да заңсыз жолмен Сауд Арабиясына адамдарды алып келгенін мәлім етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →