×

Айлықты көтеріңдер: Таразда теміржолшылар бас көтерді

Олардың айтуынша, жалақы 70 мыңнан 120 мың теңгеге дейінгі аралықта

Айлықты көтеріңдер: Таразда теміржолшылар бас көтерді
фото: ашық дереккөзден

Таразда "Қамқор Локомотив" компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қазақстандағы ең ірі "Қамқор Локомотив" жөндеу кәсіпорнының 200-ге жуық қызметкері бүгін таңертең ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап етті. Олар талаптарды орындағанға дейін жұмыс істеуден бас тартатынын жеткізді. Ереуілге шыққан теміржолшылар жалақының аздығына шағымданды. Олардың айтуынша, жалақы 70 мыңнан 120 мың теңгеге дейінгі аралықта. 

Кәсіпорын ішінде жұмыс ақысын бірнеше есе арттыруды сұрап, өз ойларын ортаға салды. Ереуілшілердің айтуынша, жұмысшылардың жалақысы басқа кәсіпорындар мен филиалдардағы әріптестерімен салыстыруға келмейді. Сондай-ақ, олар өздері жұмыс істеу үшін кейбір техниканы сатып алатын көрінеді.


«Жігіттер! «Қамқор локоматив» тек қана біздің Таразда ғана емес, оның филалдары бүкіл Қазақстада бар. Осында жұмыс істеген жігіттер бригада құрып, қазір Петропавлда жұмыс істеп жүр. Барып келу билеті мен жататын орны және тамағын ДЕПО төлейді. Сондай-ақ олардың жалақылары 350-400 мың теңге аралығында. Біздің солардан қай жеріміз кем, жігіттер! Біздің айтып отырғанымыз жалақыны көтеру. Мәселен мен 5 разрядты слесар ретінде айына 380 мы емес, 350 мың теңге алайыншы мен мына жерде қонып тұрып жұмыс істеймін. Екі апта бұрын Шуға барғанда жұмысшылардан «айлықтарың қанша?» деп сұрадым. Үшінші разрядтың баласы «Айлығым 330 мың теңге», ал 5 разрядтың баласы «380-400 мың теңге» деп жауап берді», - деді жиында сөз сөйлеген азамат.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →