×

Қарағаштағы орман шаруашылығына қаншалықты көңіл бөлінеді

Жақында осы аймаққа облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы барды

Қарағаштағы орман шаруашылығына қаншалықты көңіл бөлінеді
Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Қарағаш ауылдық округінде орман шаруашылығы бар. Жақында осы аймаққа облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы барды, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі. 

Шаруашылықтың аумағы 21 843 гектарды құрайды. Оның ішінде 5 629 гектары орманмен көмкерілген. 6 800 гектары республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын (зоологиялық) қорық.

«Қазір Қарағаш орман шаруашылығында 43 адам еңбек етеді. Қызметкерлер тарапынан орман өртінің алдын алу жұмыстары басты орында. Орман өртін сөндіру стансасында «ЗИЛ» автомашинасы, 4 дана жер жыртқыш соқасы бар трактор, адамдарды тасымалдайтын газель, орманды шолып бақылап отыратын 4 патрульдік автомашина бар. Биыл облыстық бюджеттен 9 800 000 теңге бөлініп, өртті бақылау мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Сондай-ақ ол аталған мекемені ұстап тұруға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылғы жылы облыстық бюджеттен 560 миллион теңге бөлінгенін айтты. Бұл қаржыға өрт сөндіру автомашинасы, орманшыларға өрт сөндіру киімдері, байланыс құралдары (рация) т.б қажетті құралдар алынатын болады. 

Сонымен қатар, орман маңындағы Тереңбұтақ өзенінің арнасын тазалау (санация) үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Бұл жұмыс келесі жылы жүзеге асырылады екен.

«Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу басқармасының» басшысы Қуат Имантүсіповпен Қарағаш орманын дамыту жұмыстары жөнінде кеңірек әңгімелескен едік. 

– Жақында Жаңаарқа ауданындағы Қарағаш орманына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы барды. Әкімнің бұл іс-сапарының мақсаты неде? Қандай мәселелер шешілетін болды?

– Ұлытау облысында өзі екі орман нысаны бар. Біріншісі – Ұлытау мемлекеттік-ұлттық тарихи паркі. Бұл тікелей министрлікке қарайды, орман шаруашылығы және жануарлар комитеті арқылы қаржыландырылады. Статусы мемлекеттік-ұлттық парк.  Екіншісі – орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұл тікелей облыс әкімшілігінің коммуналдық меншігі. Қаржыландыру көзі осы жергілікті облыстық бюджет болып есептеледі. Сондықтан біздің облыстың әкімі былтыр облысымыз құрылып, жолы түсіп, орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасымен, жалпы орман шаруашылығының жағдайымен танысуға, көзбен көріп қайтуға барды. Бұл жерде мынау орман өртінен бұрын басқарма құрылғаннан кейін қарамағындағы орман шаруашылығы болғаннан кейін бюджеттен көптеген қаржылар қарастырылды. Себебі осы орман шаруашылығын ұстап тұру үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллионағаш егуді тапсырған болатын. Сол бойынша орман шаруашылығында жолдауда берілген тапсырмаға сәйкес өзінің міндеттемесін алған. 2025 жылға дейін 3 миллион 389 гектар жерге 18 миллион ағаш егуді жоспарлап отыр. Жоспар бойынша биылғы жылы 240 гектар жерге ағаш егіледі. Көктемде 120 гектар жерге отырғызылды. Күзде 120 гектарға, сонда осы жылы 240 гектар жерге ағаш егуді жоспарлап отырмыз.

Ең біріншіден, техникалар алынды, 5 дана трактор, екі посадочный машина, құм тасу үшін трактордың артына тіркейтін тіркемелер, тағы да ұсақ-түйек заттар бар. Былтыр бюджетті бөліп қарастырған уақытта осының бәрін облыстың әкімі Берік Әбдіғалиұлы егжей-тегжейлі қарап, президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізуді жүктеген болатын. Бірінші мәселе осы. 

Абай облысында қайғылы жағдайды жақсы білесіздер, былтыр Қостанайдағы орман өрті еліміз үшін оңай болған жоқ. Әкім сондықтан облыстағы орманның жағдайын өз көзімен көріп қайтты. Барар алдында қандай материалдық, техникалық құралдар, орманшылардың өрт сөндіру киімдер, техникалар қандай жағдайда, осының барлығына бюджеттік сұраныс жасауды тапсырды. Оған дейін 145 миллион теңге бөлінді. Мұның тысында 88 миллион 900 мың теңгеге камаз өрт сөндіру автомашинасы, қосымша тағы да бір өрт сөндіру машинасын алыңдар деді. Сосын үлкен  «1221» өрт сөндіру трактор тіркемесімен бірге, байланыс құралдары, рациялар болсын деп қаржы қарастырып берді. Су тасымалдайтын 100 литрлік, 500 литрлік техника, сол өрт сөндіретін техникаға солярка тасымалдаймыз. Соған да 3-4 кубтық үлкен раздатчик алыңыздар деп бюджеттен қаржы қарастырып берді. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Міне, осының бәрін өз көзімен көру үшін Қарағашқа барып қайтты. 

– Басқарма басшысы ретінде айтқан проблемаларды шешуді облыс әкімі бірден қолдады ма?

– Иә, Берік Әбдіғалиұлы жағдайды түсініп, қолдау көрсетті.

– Қарағаш орман шаруашылығында қандай ағаш түрлері бар? 

Қарағаш орман шаруашылығы жер көлемі 21 мың 843 гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген 5629 гектар. 6800 гектары республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын қорық. Негізгі өсетіндер қайың, терек, қараағаш секілді көптеген талдың түрлері бар. Қолдан егілген 250 гектардың ішінде қарапайым қарағайлар бар. 

– Премьер-министр бүгін орман шаруашылығының киімін алуға байланысты қаулыға қол қойды. Сіздерде киімге қатысты проблема жоқ па?

– Жалпы орманшылардың арнайы киімі болады ғой бекітілген, жазғы киімдер бір жылда бір жаңартылады, қысқы киімдер екі жылда бір жаңартылып отырады. Енді қосымша өрт сөндіру киімдерін өрт сөндіру жасақтарына алу үшін сұраныс жасап, қаржымызды алып отырмыз. 

– Семейде өртті сөндіруге трактормен шығып кеткенін көрдік. Жаңаарқада көлікпенқатынауда проблема жоқ па? 

– Биылғы жылы өрт болған жағдайда адамдарды тасымалдау үшін автомашиналар алдық. Өрт болған жағдайда кім қандай тезникаға мінеді оның барлығы бекітіліп қойған. Адамдарға өрт басталған жерге жету ешқандай мәселе тудырмайды. 

– Өрт қауіпсіздігіне байланысты қандай да бір жұмыстар атқарыла ма?

– Бұл орманшылардың ең бірінші, басты жұмысы. Орманды айнала орналасқан шаруа қожалықтарына барып, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ескертпелер таратылажы, үгіт-насихат жасалынады. Орманды айнала орналасқан елді мекендерге, әкімшіліктерге, мәдениет үйіне жинап жиналыс өткізеді. Ол жиналысқа тек орман шаруашылығы емес, төтенже жағдайдан, аудандық өрт сөндіру мекемелерден өкілдер қатысады. Әрқайсысы өзінің ақпаратын береді. 

Қазір орманды алқаптарда ешқандай костер жағуға, тамақ пісіруге болмайды. Халық та түсінген. Бір ғана мәселе, далалық шаруа қожалықтары шөп шапқан уақытта далалық жерден өрт бастау алады. Құдай сақтасын, орманнан өрт бастау алып көрген жоқ. Қасақана ешкім өртемейді ғой, абайсыздықтан болады. 

– Орманшылардың жалақысы қандай?

Негізінен базалық жалақы 70-80 мың теңге. Ол жерде бухгалтериялық жүйе салып есептеледі. Тәжірибесі, білімі есепке алынады. Әйтпесе орманшылар үшін талап жоқ. Оқу бітірген соң, колледжден кейін жұмыс істей берсе болады, диплом талап етілмейді. Орташа айлық 150 мың деп айтуға болады.

Менің өзімнің мамандығым – орманшы. Орман шаруашылығына орманшы болып кіріп, директор болып шыққан адаммын. Бұл жерде орманшы болып жұмысқа кіргеннен соң қызметтік ат, ертоқымы, дүрбі секілді барлық жабдықтар беріледі. Түрлі зиянкестерден, заңсыздықтан, өрттен алдын алу үшін өз аумағыңа қарап жүресіз. Қандай да бір жағдай болса орталыққа ақпарат бересіз. Ал шалғай жердегі орман шаруашылықтары мотоциклдер алып берген. Ал жалпы орманшылар атпен аралайды. 

– Абай облысындағы өрттен кейін сіздер туралы көзқарас қаншалықты өзгерді?

– Шаруа қожалықтарынан өрт шығады дедік қой, қазір олар техникалар алып, тіфәй-тіфәй өрт толастады. Мысалы, 1997 жылы көмір карьері барШұбаркөл жақта шыққан өрт бір ай бойы жанып орманға барып тірелген. Орманның 70 пайызын жағып жіберген. Ол уақытта сөндіретірн қауһар болмады. 2002 жылы Нұр ауданынан шыққан өрт Қараағаш орманына келіп, біздің орманшылардың бірі, менің әріптесім сол өрттің ішінде жанып кетті. Абайдағы жағдай дедіңіз ғой, ол кезде біз 10-20 жыл бұрынғы жағдайлар  есімізге түсіп, әрине жүрегіміз ауырғаны рас.

– Сұхбат бергеніңізге рахмет. Ісіңізге сәттілік тілейміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →