×

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылады

"Ұлттық қор - балаларға" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылады
фото: MINE.PLACE

ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов 2024 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылатынын, ал бұл шоттардың операторы БЖЗҚ болатынын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта "Ұлттық қор - балаларға" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде.


“18 жасқа дейінгі барлық балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат есептелетін болады. Шот операторы "БЖЗҚ" АҚ болады”, - деді Жақсылықов.


Ол барлық жинақталған қаражатты кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалануға болатынын айтты. Одан бөлек, келесі жылы бастаманы іске асыру үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Назарбаев Лукашенконы Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін, 14:19

Тоқаев пен Назарбаев Лукашенконы Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Беларусь президентінің ресми сайтында Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтаған мемлекет басшылары мен басқа да тұлғалардың тізімі жарияланды.
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы 45-ші мектеп-гимназиясында оқитын Нұржол Сатыбалды екі университеттің грантына ие болды.
Бұл шаруаны ел билігі кезең-кезеңімен жүргізбек.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →