×

Ақкенттегі өртте тұрғындарға көмектескен түркиялық құрылысшы марапатқа ұсынылады

Ол үш баласымен түтінге уланған әйелді құтқарып қалды

Ақкенттегі өртте тұрғындарға көмектескен түркиялық құрылысшы марапатқа ұсынылады
видеодан кадр

«Ақкент» шағынауданында болған өрт кезінде елге көмектескен қайырымды жандар марапатталады. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кешегі өрт кезінде тұрғындарға көмектескен жандар бар. Олардың арасында Түркия елінен келген құрылысшыларды ерекше айтамыз. Көмектескен жандарды есепке алдық. Министрліктің атына хат жолдап, марапатқа ұсынамыз», – деді ол.

Айта кетейік, Ақкент маңындағы құрлыс алаңында  электрик болып жұмыс істейтін түркиялық Шүкір Гюнай үш баласымен түтінге уланып, тіпті тыныс ала алмай тұрған әйелді құтқарған болатын. 

«Олар көк түтінге тұншығып, тыныс ала алмай тұрды. Әйелдің қолында 2 айлық шақалақ болды. Мен кранның 16-шы қабатқа көтеріле алмайтынын білдім. Баспалдақпен көтеріліп құтқару қауіпті екенін түсініп тұрмын. Сол себепті бірден шынжырмен көтеріліп, үш баланы жерге түсірдім. Достарыма алғыс айтамын, олар да қарап қалмай, көмек қолын созды. Мен балаларды көргенде ойланып тұруға уақытым болмады. Өзімнің екі қызым бар. Сол себепті бірден тәуекелге бел буып, алдыға қарай жүгірдім», – деген болатын Шүкір Гюнай.

Айта кетейік, кеше Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. Қайтыс болған әйелдің есімі – Әсел. Ол 31 жаста. Қазіргі кезде Ақкенттегі өртке байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда қоқыс жинап, жұртты сүйсіндірген бала Париждегі Дисней лендке жолдама алды
Бүгін, 17:44

Атырауда қоқыс жинап, жұртты сүйсіндірген бала Париждегі Дисней лендке жолдама алды

Атыраулық Дінмұхамед Жұмажан әлеуметтік желіде қоқыс жинап, көпке танылған.
Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →