×

Қазақстандық оқушы Колумбияда өткен олимпиаданың жүлдегері болды

Қазақстаннан зияткерлік додаға алты оқушы қатысты

Қазақстандық оқушы Колумбияда өткен олимпиаданың жүлдегері болды

Колумбияның астанасында өткен халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы жеңіп алды, деп хабарлайды qaz365.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Богота қаласында дәстүрлі халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Қазақстаннан зияткерлік додаға алты оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Айдана Айтөре ІІІ орынға ие болды. Ол сынақ, теориялық және эксперименттік тапсырмаларды сәтті орындады.

“Колумбияға сапар өте қызықты өтті. Олимпиаданың бағдарламасы ауқымды болды. Бұл сапардың жадымда ұзақ сақталатынына сенімдімін. Алған тәжірибемді басқа олимпиадаларға қатысқан кезде қолданамын. Олимпиаданың ерекшелігі – оқушылар бір ғана емес, бірден үш, яғни, физика, биология, химия пәндерінен тапсырмалар орындайды. Қазақстаннан үш пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен 6 адам іріктелді. Бірінші кезеңде әр пән бойынша 10 сұрақ келді. Екінші кезең теориялық, үшінші кезең эксперименттік. Соңғысына команда болып қатыстық”, – деп бөлісті Айдана Айтөре.


Олимпиада офлайн форматта 2-12 желтоқсан аралығында өтті. Биыл Колумбияда 70 елдің ең мықты физиктері, биологтары мен химиктері бас қосты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады
Бүгін, 14:01

Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады

Шара Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залында өтеді
Telegram-мен олардың өкілін тағайындап, кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді
Сынама сіздің қартаю жылдамдығыңыз бен қанша өмір сүретініңізді анықтайды
Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →