×

Қазақ киносы Португалияда көрсетілді

Рүстем Әбдіраштың халықаралық фестивальдан бас жүлде алған тарихи фильмі Португалияда көрсетілді

Қазақ киносы Португалияда  көрсетілді
gov.kz

Белгілі қазақстандық кинорежиссер Рүстем Әбдіраштың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинокартинасы ең үздік фильм деп танылып, Еуропалық Парламентпен бірлесіп Брага қаласында жыл сайын өтетін «BRAGACINE» тәуелсіз кино халықаралық фестивалінде гран-при жүлдесін алды, деп хабарлайды qaz365.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Сондай-ақ, кинофильм «Ең үздік режиссерлік жұмыс» номинациясында жеңіске де жетті.  

«Біз бұл жобамен бірнеше жыл айналыстық және Қазақстанда бірінші болып толықметражды көркем фильм мен тарихи сериалды ұсындық. Менің ойымша, фильм тарихымызды тек біздің елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де көрсетуге лайықты», – деп атап өтті Р. Әбдіраш.

Қазақстандық фильмді португалдық көрермендердің жылы қабыл алуы осы сөздерді растаған тәрізді. Кино және теледидар саласындағы сарапшылар, сондай-ақ болашақ кинематографистер қазақ тарихымен, мәдениетімен және көшпелі өркениеттің өмірімен қызығушылықпен танысты.

Кинофестиваль директоры, Минью университеті Кинематография институтының профессоры Артур Барроса Морейра Қазақстанның шығармашылық тобын құттықтай отырып, жеңімпаз фильмнің жоғары көркемдік деңгейін атап өтіп, қазақстандық кинематографпен алғашқы танысу шынайы достық пен серіктестіктің бастамасы және жалғасын табатынына үміт білдірді. Фестиваль аясында бірнеше еуропалық дистрибьюторлар қазақстандық фильмді ағылшын тілді көрермен үшін прокатқа шығаруға ниет білдірді.

«BRAGACINE» - Португалияда 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және Еуропа, Америка және Азия фильмдерін жинайтын халықаралық тәуелсіз кинофестиваль. Биылғы жылы 20-шы мерейтойлық байқау округтің муниципалитеті басшылығының, саясаткерлердің, дипломаттар, танымал актерлер, сыншылар және Минью университетінің болашақ кинорежиссерларының қатысуымен «Braga Parque» ең үлкен кино орталығында өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →