×

Түркістан облысында әкімнің орынбасары анасының атына 370 га жер рәсімдеген

Түркістанда қазір жер жоқ

Түркістан облысында әкімнің орынбасары анасының атына 370 га жер рәсімдеген
Ашық дереккөздерден

Түркістан облысында әкім анасының атына 370 га жер рәсімдеген. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұған дейінгі кездесулерде де жер мәселесі туралы айтқан болатынмын. Кәсіптік мақсаттағы бірнеше жерлер алдымен бау-бақша мақсатына беріледі, кейін арада бір ай, екі ай, бір жыл өткенде, мақсаты өзгертіліп, басқа біреулерге сатылып жатыр. Түркістанда қазір жер жоқ. «Кезекте тұрмыз» деп жатқандарға жер қай жақтан беріледі, түсінбеймін. Сауран ауданында да дәл осындай жағдай. Жайылымдық жер жоқ. Барлығы жекеменшікке өтіп кеткен. Қай жердегі жер болса да, алдымен бау-бақша мақсатына алынады, кейін мақсаты өзгертіліп, жекеменшікке өтіп кетеді. Жалпы, Түркістан, Сауранда жер жоқ. Сондай-ақ мына Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Қарабайұлы мен оның орынбасары Серік Садыбаев қай жерде қызмет етсе, сол жерден туысқандарына жер рәсімдей береді.  Мен журналистік зерттеу жасағам. Дәл қазір жер инспекциясы Серік Садыбаев мырзаның анасының атына рәсімделген 370 га жер туралы істі сотқа жолдады. Шошытатын жағдай емес пе?» - деді «Жемқорлық және заң» газетінің бас редакторы Қаламқас Ботабекова.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы журналистен айтып тұрған жерлердің нақты мекенжайларын сұрады.

«Мен бұл туралы сізге бұған дейін де айтқан болатынмын. Дәл қазір менің қолымда 15 жердің кадастрлық нөмірі бар. Сұраған адамға беруге дайынмын», - деді әкім сауалына нақты фактімен жауап берген жергілікті басылымның бас редакторы.

Әкім сол жерде әкім аппаратының жетекшісі мен жер инспекциясының басшысына көтерілген мәселенің мән-жайын анықтауға тапсырма берді.   

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →