×

Атырауда ЖЭО маңында өрт шықты

Өрт оқшауланды

Атырауда ЖЭО маңында өрт шықты
gov.kz

Атырауда жылу-электр орталығының аумағындағы иесіз нысанның шатыры өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған өрт туралы деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады.

«Бүгін, 7 тамызда жергілікті уақытпен сағат 14:00-де Атырау қаласында орналасқан Оңтүстік өндірістік аймақ мекенжайындағы ауладан түтін шыққаны жөнінде хабар түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел аттанды. Өртті сөндіруге 6 қызметкер мен 1 техника тартылды. Өрт сағат 15:03-те оқшауланды», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Белгілі болғандай, 31 шілде мен 6 тамыз аралығында Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 58 рет шақырту түскен. Соған байланысты құтқарушылар төтенше жағдайды жоюға және адамдарды құтқаруға шыққан.

«Құтқарушылар бір аптада 6 рет жалынды сөндіруге, 34 рет өрт санатына жатпайтын жануға, 4 мәрте авариялық құтқару, 8 рет іздестіру жұмыстарына барды. Тоғыз адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Алдыңғы аптадағы дерекпен салыстырғанда, шақыртуға бару көрсеткіші 87 пайызға өскені байқалып отыр», – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →