×

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі жертөледен табылды

 

Күдікті ретінде жездесі ұсталды

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі жертөледен табылды
inbusiness.kz

Шымкентте 4 тамызда үйден шығып, сол күйі оралмаған бойжеткеннің денесі жертөледен табылып, оның жездесі күдікті ретінде қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 5 тамыз күні жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Белгілі болғанындай, Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.

8 тамыз түнгі сағат 1:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →