×

Тоқаев қыркүйекте елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндайды

Ол Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткізіп, отандық экономистерді сынға алғанын еске салды

Тоқаев қыркүйекте елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндайды
t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына жолдауында қандай мәселеге тоқталатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент жолдауда елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлағанын атап өтті:

"Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру. Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын", – деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткізіп, отандық экономистерді сынға алғанын еске салды.

"Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек", – деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →