×

Изоляторда шешіндіріп видеоға түсірді. Сандуғаш Дүйсенова көмек сұрады

Ол бұл тапсырыс екенін айтты

Изоляторда шешіндіріп видеоға түсірді. Сандуғаш Дүйсенова көмек сұрады
Ашық дереккөздерден

"Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу" (147-бап) бабы бойынша айыпталып жатқан журналист Сандуғаш Дүйсенованың уақытша ұстау изоляторындағы қысым туралы жазып, елден көмек сұраған хатын оның көмекшісі Әлия Шагиахмет әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Алдымен, біліп және білмей жасаған күнәм үшін кешірім сұраймын. Ойламаған жерден осылай болып қалды. Ақшамен, адамдарды алдап, өтірік жазып ұсталсам, өкпе жоқ, ешкімнен көмек сұрамас едім.  Бар жазығым адам өлтірген кісі жазадан құтылып кетпесін деп айғай-шу көтергенмін. Сол қағазда оның жеке сәйкестендіру нөмірі кетіп қалыпты. Енді, міне, 1,5 жылдан соң арыз жазған”, - дейді өз хатында Сандуғаш Дүйсенова.

Ол мұның тапсырыс екенін, өзін Қазақстан халқы алдында масқаралауды жоспарлағандарын айтқан.

“11 тамызда полицияда тырдай шешіндіріп видеоға түсірді. Сосын уақытша ұстау изоляторына қамауға жапты. Мен ұры, аферист, есірткіқұмар да емеспін. Олардан неге бұлай істедіңдер десем, осылай қинаңдар деген тапсырма түскен. Жылап кешірім сұрайды деп ойлады, бірақ мен өз-өзімді ұстай алады екенмін. Тап-таза төсек, көрпе-жастық беріп, сол жердегі балалар естері шықты. Ыстық шай беріп, көңілімді тапты. Түнгі сағат 00:40 мені үйге жіберді. Енді өз құқым үшін күресемін, сіздерден қол ұшын берулеріңізді сұраймын», - деп жазды журналист.

Сайт тілшісі мән-жайды Сандуғаштың өзінен білмек болып хабарласқанда, телефоны өшірулі болды.

Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова "Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу" (147-бап) бабы бойынша айыпталып жатыр. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босап шыққан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
Бүгін, 19:08

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Жаппай төбелеске қатысқандардың көбісі кәмелетке толмаған
Олар іргелес мемлекеттерге  10-нан астам вагон-цистерна жөнелтпек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →