×

Шырша кескендер сотталады

Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады

Шырша кескендер сотталады
Фото: Shutterstock

Елдімекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде өткізуге тыйым салу, сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз тексеру жүргізіледі,  деп хабарлайды qaz365.kz  Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды.

Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылған.  

«Қылқан жапырақты ағаштарды сатуға рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда, сатушы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осы бап бойынша: 

  • Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде,   
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК мөлшерінде,   
  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады.   

Орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделеді»,-деп мәлімдеді ҚР ІІМ министрлігі.    

Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті хабарлады
Әкімдік бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді
Ресейлік журналист Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенті туралы пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →