×

Елімізде шенеуніктер мен әскерилерге казиноға баруға тыйым салынуы мүмкін

Құжат Ашық НҚА сайтында талқылауға шығарылды

Елімізде шенеуніктер мен әскерилерге казиноға баруға тыйым салынуы мүмкін
Ашық дереккөздерден

Құжатта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, оның ішінде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан тартыну ұсынылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңға өзгерістер енгізуге арналған құжат 28 тамызға дейін талқыланады.

«Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, оның ішінде қызметтік қажеттілікке байланысты баруды қоспағанда, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан тартыну ұсынылған», - делінген құжатта.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» жарлық жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің ойын мекемелеріне баруына шектеулерді белгілеу туралы тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген.

Түзетулер мемлекеттік билік органының абыройы мен беделіне оның өкілдерінің тарапынан нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге, беделдік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылдың нәтижесі: Жемқорларды ұстап бергендерге миллиондаған сыйақы төленді
Бүгін, 15:14

2025 жылдың нәтижесі: Жемқорларды ұстап бергендерге миллиондаған сыйақы төленді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2025 жылы жемқорлыққа қарсы жүргізген жұмысының нәтижесі
Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады
Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті
«Отбасы банк» – тұрғын үй құрылыс жинақтарын ресми түрде қабылдап, несие беретін бірден-бір банк

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →