×

Қазақстандықтар eGov.kz порталында өз құжатына өзгеріс енгізе алады

Аталған қызметті Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» – «Отбасы» бөлімінен табуға болады

Қазақстандықтар eGov.kz порталында өз құжатына өзгеріс енгізе алады
Ашық дереккөздерден

Енді қазақстандықтар eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу мен қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өздері өзгеріс енгізе алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол үшін «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»  қызметіне өзгерістер жасау және құжаттарды қайта шығару негіздемелерін көрсетіп, растайтын құжаттармен қоса өтінім беру керек.

Қандай жағдайларда құжаттарға өзгеріс енгізуге болады:

  • тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
  • әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;
  • некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың әкесі туралы мәліметтер енгізу жөніндегі өтінішке;
  • егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді тастап кету) жіберілген болса;
  • азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;
  • некені бұзуға немесе некені жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;
  • ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
  • ұлты өзгерген жағдайда;
  • ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз деп танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және т.б.

«Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →