×

Астаналық мәслихат депутаты шетел тұлғаларына көше атауын беруге қарсы шықты

Біз саясатты түсінеміз, бірақ мәселені жан-жақты қарау керек

Астаналық мәслихат депутаты шетел тұлғаларына көше атауын беруге қарсы шықты
Ашық дереккөздерден

Елордада шетелдің танымал тұлғаларының гөрі отандық тұлғаларға есім беру ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Қазақ қонақжай халықпыз ғой. Басқа мемлекеттің басшылары келіп жатса, сол елдің тарихи тұлғасына көше атауын береміз. Негізі бұл дұрыс емес. Сыртқы істер министрлігі Президентке сілтейді де, ананың, мынаның атына көше бер дейді. Қазақстанға ол ел басшысы келеді, кетеді. Ал көше мәңгілікке қалады, сонда біз өз балаларымызға не дейміз? Мысалы, Ұлыбританияның патшайымы Екатерина ІІ атына сквер атауын бердік. Оның бізге қандай қатынасы бар? Өз тұлғаларымыз жоқ па? Неге біз бұл мәселені ойластырмаймыз?» - деді Бауыржан Смайылов қалалық мәслихаттың отырысында.

Оның айтуынша, көше атауын беруде жоғары жаққа сілтей бермей, нақты ұсыныс айту қажет.

«Біз саясатты түсінеміз, бірақ мәселені жан-жақты қарау керек. Сонымен қатар көшелерді ресми түрде ашуымыз қажет. Одан бөлек, кейбір көше атауын екі рет беріп жатырмыз. Мысалы, астанада Алпамыс көшесі және Алпамыс батыр көшесі бар. Бұл жердегі проблема, такси және жедел жәрдем шақырғанда қателеседі. Бұны бір тәртіпке келтіру керек. Бұған дейін де қанша рет айтып келеміз», - дейді елорда мәслихатының депутаты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →