×

Ұлытау облысына көшкен мемқызметшілерге 2,3 млрд теңгеге қызметітк баспана сатып алынбақ

Тұрғын үйді сатып алу 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланған

Ұлытау облысына көшкен мемқызметшілерге 2,3 млрд теңгеге қызметітк баспана сатып алынбақ
aikyn.kz

Үкімет резервінен Ұлытау облысына көшкен мемлекеттік қызметкерлерге пәтер сатып алу үшін 2 млрд 384 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Премьер-Министрдің қаулы-жобасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Ұлытау облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2 384 640 000 теңге сомасында қаражат бөлінетіндігі айтылған. Бұл қаражатқа қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін коммуналдық меншікке тұрғын үйлер сатып алынады.

Сондай-ақ құжатта Ұлытау облысы әкімдігі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бөлінген қаражатты нысаналы пайдалану жөнінде есеп ұсынуі тиістігі жазылған. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп береді.

Қаулы жобасы 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →