×

Үкімет ТЖ қызметкерлеріне дрон сатып алуға 600 миллионнан астам теңге жұмсамақ

Бұл қаражатқа ұшаққа арналған 5 су төгетін құрылғы мен 71 дрон сатып алынады

Үкімет ТЖ қызметкерлеріне дрон сатып алуға 600 миллионнан астам теңге жұмсамақ
dronomania.ru

Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауда. Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталатын болады.

Бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биылғы жылы болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады.

Осылайша, жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →