×

Боранбаев кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін мәлімдеді

Аталған мәселе келесі отырыста қаралады

Боранбаев кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін мәлімдеді
informburo.kz

Астана қалалық сотында Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық келісім қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілеме жасап.

Сот процесі бірінші сатыдағы ережелер бойынша апелляциядан өтті.

Іс жүргізу келісімінің бастамашысы – Боранбаев. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов оған қосылатындарын мәлімдеді.

"Өтініш кінәні мойындау туралы іс жүргізу мәмілесін жасасу және қылмыстық іс бойынша залалды өз еркімен өтеу мәселесі бойынша қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтасу ниетінен тұрады", — деді  Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин.

Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.

Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ отырыс қай күні өтетіні белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та  8 жылға сотталды.

Үйқамақта болған Жанұзақ сот залында қамауға алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →