×

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Шешім Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды.

Сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді. Көптеген елде орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты нәтиже беріп, инфляция баяулай бастады. Алайда инфляцияның орнықты болып қалу себебінен мөлшерлемені төмендету мерзімі дамыған елдерде кейінге қалды. Әлемнің азық-түлік нарықтарында баға мен логистикалық шығындар төмендеп келеді.

Дегенмен экономика ішінде кеңейіп келе жатқан фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуі жағынан проинфляциялық қысым сақталып отыр. Жанар-жағармай (ЖЖМ) құнын өсіруден орын алған жанама әсер байыпты көрініс алуда, бұл теңге бағамының динамикасымен ішінара өтелуімен байланысты», –  делінген хабарламада.

Осылайша сыртқы факторлар тарапынан қысымның біршама әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы әлсіз дезинфляциялық аймақта қалып отыр. Нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады. Төмендету мүмкіндігі екінші жартыжылдықта фискалдық ынталандырудың ықтималды жеделдеу тәуекелдерімен шектелуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →