×

Павлодарда студенттер арналып салынған жатақхана элиталық тұрғын үй кешені ретінде сатылып жатыр

Жатақхана 2020 жылдың 15 маусымында пайдалануға берілуі тиіс болатын

Павлодарда студенттер арналып салынған жатақхана элиталық тұрғын үй кешені ретінде сатылып жатыр
Ашық дереккөздерден

Әлкей марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студеттеріне салынып жатқан жатақхана элиталық тұрғын үй кешеніне айналып шыға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2019 жылы қаладағы № 34 мектептің стадионының жер аумағы университетке жатақхана салуға берілген. «Заман-Альянс» деген құрылыс компаниясы 8 айдың ішінде 820, 5 миллион теңгеге 550 студентке арналған 5 қабатты жатақхана салу қажет болған.

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қанат Қалиев сол кезде бұл маңызды әлеуметтік нысан жай ғана емес, Президенттің жатақхана салу жөніндегі бес әлеуметтік бастамасын орындау бағдарламасын іске асыру мақсатында салынып жатқанын айтқан.

Ал Павлодар педагогикалық университеті жағдайдың қиын екенін жеткізген болатын.

“Университетте 2 мың студент бар, оның 850-ы екі жатқханада тұрады. Оқу орнының түлектерінің 90 пайызы – ауылдан келгендер. Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасы арқылы түскендерге де жатақхана жетпей жатыр. Студенттер жатақханаға жылына 60-80 мың теңге төлейді”, – деп хабарлаған еді университеттен.

 Алайда құрылыс бірнеше жылға созылып, кейінірек студенттерге мүлде баспана салмағаны белгілі болды.

Осыдан бір апта бұрын жергілікті жылжымайтын мүлік агенттігі 2020 жылы студенттер үйі болады деген жерде «Жастар» жаңа тұрғын үй кешені салынғаны, онда пәтерлер сатылатынын хабарлады. Пәтерлер 35 шаршы метрден басталады.

Осыдан кейін резонанс туындап, Павлодар қаласының әкімдігі жағдайды түсіндірді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заман-Альянс» ЖШС жоғары оқу орны мен қала әкімдігіне хабарламай, учаскені жалға алу құқығын сатып жіберген. Инвестор қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны үшін университет сотқа берген. Бірақ олар соттан жеңіліп қалды. Ratel.kz жазуынша, ППУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Серік Ілиясовтың айтуынша, 2019 жылғы 14 тамызда университет пен инвестор арасында бірлескен қызмет туралы шарт (консорциалдық келісім) жасалған. Сол бойынша 2020 жылдың 15 маусымы жатақхананы пайдалануға беру мерзімі боп  белгіленген. Жобаның сметалық құны 1 201 523 000 теңгеге есептелген. Оның 20%-ын (240 304 600 теңге) университет төлеу керек болған. Ал қалған сметалық құнының 80 %-ын төлеу инвесторға жүктелген. 2020 жылдың ақпан айында университет 150 000 000 теңге қаржы құйған. Осыдан соң, құрылыс тоқтап қалады. Себеп – инвестордың қаржылық қиындықтарына байланысты екені айтылады. 2022 жылдың қыркүйегінде «Заман-Альянс» ЖШС аталған жалға алынған жер учаскесін «Алдияр» шаруа қожалығына 220 миллион теңгеге сатып жібереді. Сөйтіп, университеттің құйған қаржысын қайтарып береді.

Университет осы сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді және Қазақстан Республикасының «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының нормаларының сақталуына тексеру жүргізу үшін жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарды хабардар етті. «Заман-Альянс» ЖШС консорциалдық келісімді бұзу туралы өзінің талап арызын берді. Екі жағдайда да сот шешімді «Заман-Альянс» пайдасына шығарды.

«Университет Жоғарғы сотқа Павлодар облыстық сотының шешіміне кассациялық шағым дайындап жатыр. Қазір жатақханадағы 700 орынға қажеттілік бар. Бұл тапшылықты азайту үшін университет Павлодар қонақүйі және жатақханасымен 600 орынға меморандум жасады», - деді Серік Ілиясов.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →