×

Тамыз кеңесі: «Ұлытау білімі: талдау, әрекет, жоспар»

Бала құқығының қорғалу деңгейі 87,1 пайызды құрапты

Тамыз кеңесі: «Ұлытау білімі: талдау, әрекет, жоспар»
Qaz365.kz

Ұлытаулық ұстаздар тамыз кеңесіне қатысты, деп хабарлады Qaz365.kz.

Республикалық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі Ұлытау облысында екі күнге жалғасты. Алғашқы күні еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған білім саласының мамандары Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында бас қосты.

«Ұлытау білімі: талдау, әрекет, жоспар» тақырыбындағы жиынға облыс әкімінің аппарат басшысы Абзал Жайлыбаев модераторлық етті. Үздік білім беру ұйымдары мен ұстаздар марапат биігінен көрінген аталған іс-шарада Ұлытау облысы бойынша бала құқығын қорғау уәкілі Гүлмира Жаппасова баяндама жасады. Бала құқығы туралы кеңірек түсіндірген ол 2018 жылы бала құқығының қорғалу деңгейі 58 пайыз болса, кейінгі жылдары аталған көрсеткіш әжептәуір өскенінен хабардар етті. Мысалы, өткен жылы бұл көрсеткіш 87,1 пайызды құрапты. Десе де, тәуелсіз мемлекет үшін бұл көрсеткіш аса көңіл көншіте қоймайтыны анық. Себебі баланың толыққанды қауіпсіздікте, өзінің 100 құқығы қорғалатын ортада өсуі аса маңызды.

Ұлытау облысында балалардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты оқушылардың құқықтық сауаттылық  деңгейіне  қанағаттану дәрежесі 79,73 пайызды құраған. Сауалнамаға облыс бойынша 232 оқушы қатысыпты.

Гүлмира Жаппасова қандай да бір себеппен жәбір көрген бала 150 нөмірі бойынша «Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны» қызметіне не болмаса «Amanat» партиясының 111 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алатындығын айтты. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық бойынша «Бала қорғау» (@bala_qorgau) Тelegram-арнасы да жұмыс істейді.

Жиын барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ұлытау облыстық өкілдігінің оқу ісі жөніндегі бас маманы Мадина Мамбетова өңір педагогтері біліктілігін арттыру курстары 2023 жылға арналған контигентке сәйкес екі бюджеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылып жатқанын айтты. Биылға арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде облыс бойынша 1286 орта білім беру ұйымының және 340 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогі біліктілігін арттыруға ниет білдірген.

Тамыз кеңесінің екінші күні мысты шаһардағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде ұйымдастырылды. Биылғы кеңес жылдағыдан ерекше «Бір өңір – бір бағыт» форматында өтті. 20 өңірдің қатысуымен өткен бірыңғай республикалық пленарлық отырысқа онлайн режимде ұлытаулық ұстаздар да қосылды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау сөзін оқыды.

«Құрметті кеңеске қатысушылар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл – еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды басқосу. Сапалы білім беру – бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – ілім, ғылымның жемісі екені сөзсіз. Ұлағатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы», – деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі Отаншыл болуына байланысты», – делінген Президент құттықтауында.

Жыл сайын балалар саны артып келе жатқанын, олардың лайықты ортада сапалы білім алуы үшін қандай да бір кедергі болмауы қажет екенін айтқан Тамара Дүйсенова облыс әкімдері жеткілікті деңгейде білім беру нысандарын ұйымдастыруы қажет екеніне баса тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жекеменшік мектептер де көбейіп келе жатқанын, десе де жеке мен мемлекеттік білім беру ордасындағы бала қауіпсіздігінде айырмашылық болмауы қажет екенін түсіндірді. Сол себепті өңір басшыларына бұл жайтты да жіті қадағалауда ұстауды тапсырды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та жаңа оқу жылында ұстаздарға сәттілік тілеп, оларға мол қажыр-қайрат, шығармашылық табыс тіледі. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →