×

Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апат жағдайында тұр

Тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін 182 миллиард теңге керек

Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апат жағдайында тұр
фото: Владислав Сон

 

Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апат жағдайында тұр. Мұны энергетика министрі Болат Ақшолақов 20 желтоқсанда өткен үкімет отырысында айтты,  деп хабарлайды qaz365.kz

Министрдің сөзінше, 37 ЖЭО-ның 19-ы "қызыл", 11-і "сары", 7-еуі "жасыл" белгіде тұр. Мұндай белгі жылу электр орталығының пайдаланылған мерзімі мен тозу деңгейіне және білікті кадр тапшылығына байланысты қойылған.

Тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін 182 миллиард теңге керек.

"Электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін көзделген ақшалай қаражат 93 миллиард теңгені құрайды. Қазір электр станцияларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясын өткізуден түсетін кірістері толыққанды жөндеуге керекті шығыстарды өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы 88 миллиард теңге" дейді энергетика министрі.

Министрдің айтуынша, коммуналды және квазимемлекеттік меншіктегі 12 ЖЭО-ны мемлекеттік бюджет есебінен, ал 22 ЖЭО меншік иелері есебінен жөнделуге тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2025 жылы жемқорлыққа қарсы жүргізген жұмысының нәтижесі
Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады
Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →