×

Қазақстанда науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлер жазасын жеңілдету ұсынылды

Науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлердің жазасы жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлер жазасын жеңілдету ұсынылды
фото: ашық дереккөзден

Науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлердің жазасы жеңілдеуі мүмкін. Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды qaz365.kz

Министр заң жобасы шеңберінде медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету бойынша нормаларды ұсынды.

“2018 – 2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш келіп түсті, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жыл сайын 300-ге жуық іс, жиі жағдайда өліммен аяқталу қаупі бар хирургиялық бейіндегі мамандарға, соның ішінде  14 акушер-гинеколог, 14 хирург, 8 травматолог, 6 анестезиологке қатысты іс қозғалады”, - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Ажар Ғиният заң жобасы шеңберінде медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін жеңілдетуді ұсынды.

“Заң жобасында айыппұл мөлшерін және денсаулығына орташа және ауыр абайсызда зиян келтіргені үшін қамауға алу мерзімін төмендету, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болғанда "бас бостандығынан айыруды" жазаның мерзімдерін қайта қарай отырып "бас бостандығын шектеуге" ауыстыру ұсынылады”, - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →