×

Әбден тозығы жеткен қазақ мектебі “Шаңырақтың” шаттанар күні бар ма?

Ата-аналар жаңа мектеп сұрап отыр

Әбден тозығы жеткен қазақ мектебі “Шаңырақтың” шаттанар күні бар ма?
коллаж Qaz365.kz

Риддердегі “Шаңырақ” мектеп-гимназиясының мәселесі бүгін-ертең шешіле қоймайтын секілді. Себебі жаңа қазақ мектебі бой көтеретін ғимараттың орны әлі анықталған жоқ. Орны былай тұрсын, салыну-салынбауы екіталай, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Шаңырақ” мектеп-гимназиясының қос ғимаратының да тозығы жеткен. Мектеп ғимаратының бірі 1937 жылы, екіншісі 1960 жылы бой көтерген. Биыл ғимаратты жөндеуге 50 млн теңге қаржы бөлініпті.

– «Шаңырақ» мектебін жөндеуге 50 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, мектеп ғимаратына жапсарлас тұрған апаттық жағдайдағы шағын спортзал бұз­ылды. Қосымша  бастауыш сы­нып оқитын корпустың жылу жүйе­сін, терезелерін ауыстырдық. Спортзалының тақтай еденін алып тастап, цементпен тегістеп, тар­тып шықтық, – дейді аталған білім мекемесінің директоры Лаура Абраимова.

“Есекке жабу жапқанмен тұлпар болмайды” деуші ме еді?! Ата-аналар ескіні жамауды емес, жаңа мектеп сұрап отыр. Қала құрылысы және сәулет бөлімі мамандары жаңа қазақ мектебінің орны анықталғанын айтады.

– «Мичурин 1» аумағында, балабақша іргесінде 3 гектар бос жер қа­зақ мек­тебінің құрылысы үшін рәсім­дел­­іп қойды. Қазір жобалау жұмыстары жү­ріп жа­­тыр. Мектеп 300 орынға лайық­тал­ған. Құрылыс 2024 жылы баста­ла­ды, – деп 0ала құрылысы және сәу­­­лет бөлімінің бас маманы Наталья Долгова шегелеп айтты.

Қала әкімі Дәулет Батырбаев жаңа мектептің орны әлі де нақты шешілмегенін сөз етті. Қаланың қақ ортасына «Жай­лы мектеп» бағдарламасы аясында «Самұрық Қазына» қорының қол­дауымен 600 орындық мектептің құ­ры­лысы бастау алғанымен, ол да “Шаңыраққа” берілмейді. Аралас мектеп болған жағдайда да, қазақ мектебінің ата-аналары балаларын аралас мектепке бергісі жоқ.

– Міне, балам бірінші сыныпқа барады. Мектеп ғимараттары болса, апаттық жағдайда тұр. Бізге жаңа мектеп керек. Мынау заманда бір мектептің ғимараты екі жақта деген сұмдық. Дұрыс спорт залдары да жоқ. Қазақ мектебін салу керек, – дейді қала тұрғыны Әсем Кәбекова.

Алайда қазақ мектебінің оқушылары қашан жайлы мектепте оқитыны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі – «Шыңырақ» көп салалы мектеп-гимназиясының құлағалы тұрғаны туралы жазған едік.      

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →