×

Шетелдік банк кіреді деген сөз несие арзандайды дегенді білдірмейді – Әбілқасымова

Мәдина Әбілқасымова шетелдік банктердің елге келуі жөнінде пікір білдірді

Шетелдік банк кіреді деген сөз несие арзандайды дегенді білдірмейді – Әбілқасымова
inbusiness.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова шетелдік банктердің елге келуі жөнінде пікірін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Журналистер одан «шет елдерден банктер кірсе, біздің банктер банкротқа ұшырамай ма?» деп сұраған.

«Бұл жерде ең алдымен базалық мөлшерлеме туралы сөз қозғау керек. Ол – ақша нарығындағы ақшаның қанша тұратынын білдіреді. Яғни базалық мөлшерлемеге байланысты депозит пен несиенің қанша пайызда болатынын анық көрсетіледі. Қазір оның мөлшері 16,5 пайыз. Депозит бойынша кірістілікті арттыру үшін салған сомаңызға 16-17 пайыз қосқанымен, несие бойынша да пайызды банктер көтереді. Жеке және заңды тұлғаларға да қатысты», - деді Мәдина Әбілқасымова.


Оның айтуынша, ипотека бойынша нарықта отандық банк бар. Оған мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттен қаражат бөлінеді. 


«Тіпті жаңа банк келсе де базалық мөлшерлемеге қарайды. Егер шетелдік банк келіп, басқа мөлшерлеме бойынша ақша береді деп сенуге болмайды», - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан халқына жолдауында бүгін президент шетелден үш банк келетінін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →