×

Жол құрылысына бөлінген 43,4 миллиард теңге ұрланған

Прокуратура 23 қылмыстық іс қозғады

Жол құрылысына бөлінген 43,4 миллиард теңге ұрланған
фото: ашық дереккөзден

 

Бас прокуратура «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-ға, Автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерге тиісті тексерулер жүргізген, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі arasha.kz сілтеме жасап.

«Жол құрылысы кезінде 43,4 миллиард теңге ұрланған, ол түгелдей «ҚазГерСтрой» ЖШС қалтасына түскен. Сонымен қатар сегіз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану деректері анықталды. Әңгіме 600 миллион теңге туралы болып отыр», – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Бюджет ақшасын жымқыру үшін мердігерлер құрылыс материалдарына 70 жалған сертификатты пайдаланған, он жағдайда стандартқа сәйкес келмейтін материалдар пайдаланылған.

Бас прокуратураның мәліметінше, шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелер мен тұрақсыздық айыбы бойынша қарыздарына да көз жұмған.

«Салдарынан мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 миллиард теңге, ал өсімпұл сомасы 636 миллион теңге болған. Олар жеткізуші – Computer Vision Technologies ЖШС қызметтерінің бағасы үш есе артып, 138,8 миллиард теңге болуымен байланысты болды. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сонымен бірге лауазымдық өкілетті теріс пайдаланудың барлық дерегі бойынша (осының барлығынан залал 45 миллиард теңгеден асады) 23 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан әрі тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен финмониторинг агенттігі айналысады. Прокурорлар 24 миллиард теңге болатын бюджет шығынының алдын алып, 17,3 миллиард теңге болатын заңсыз тендердің нәтижесін жойған», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →