Президент Жарлығы шықты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын бітірді.
1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша.
2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2005 – 2006 жылдары - Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006 – 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007 – 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008 – 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2010 – 2011 жылдары - «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012 – 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013 – 2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі.
2014 – 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары - Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).
2020-2022 жылдары - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
2022 жылғы 15 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды