×

Бензин мен дизель бағасы қымбаттамайды

Қазақстанның басқа облыстарында 1 литріне 182 тг., дизель отынының бағасы 1 литріне 450 теңгені құрайды

Бензин мен дизель бағасы қымбаттамайды
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне белгіленген шекті бағаға қатысты қаулы жобасын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпара-қа сілтеме жасап.

Құжат жобасына сәйкес маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Айтқанда Аи-80 – 89 тг. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы 1 литріне 187 тг., Қазақстанның басқа облыстарында 1 литріне 182 тг., дизель отынының бағасы 1 литріне 450 теңгені құрайды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай 1 литр үшін 230-260 теңге бағамен сатылады.

Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ дизель отынын көрсетілген лимиттерден артық сатып алған кезде 1 литріне 450 теңгеден алуға рұқсат етіледі.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін онлайн-талқыланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →