×

Ағасының малын баққан апалы-сіңлілі Назгүл мен Құндызға Алматы облысынан үй беріледі

Үйді «Елге көмек» қайырымдылық қоры бергелі отыр

Ағасының малын баққан апалы-сіңлілі Назгүл мен Құндызға Алматы облысынан үй беріледі
Стоп-кадр

Отырар ауданы Ескі Шілік ауылында жылдар бойы ағасының малын баққан Назгүл мен Құндызға Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылынан үй берілетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Апалы-сіңлілі қыздарға үйді «Елге көмек» қайырымдылық қоры бергелі отыр. Салынып жатқан баспана – екі қабатты үй. 

«Уайымдап жатқан бүкіл қазақ еліне алғысымызды айтамыз. Осы оқиғаны естіп-білген барша отандастарымыздың жүрегі ауырды деп ойлаймын. Аға-жеңгесіне айтарымыз, біріншіден, Алладан кешірім сұраңыздар. Ешкімге мынадай қиянат жасамаңыздар. Қазақ елінде тек жақсылық болсын», – дейді қайырымдылық қорының өкілі.

Назгүл мен Құндыз қазір Тараз қаласында көп балалы ана Зүлфия Төленованың қолында. Қор өкілдері екеуіне ұялы телефон әперетінін айтты.
Еске сала кетсек, Түркістан облысы Отырар ауданы Ескі Шілік ауылында апалы-сіңлілі қыздарды туған ағалары 17 жылдан бері құлдықта ұстап отырғанын бұқаралық ақпарат құралдары жақында жарыса жазған еді. Ол екі қарындасына жылдар бойы мал бақтырып келген. Бұл жайлы «Көреміз» бағдарламасында көрсетілген.
Апалы-сіңлілердің бірі – Назгүл, 1991 жылғы, екіншісі – Құндыз, 1996 жылы туған. Қыздардың мұндай күйге түскенін бағдарлама редакциясына сыныптастары хабарлаған. Сыныптастарының айтуынша, олар тұратын үйде ешбір жағдай жасалмаған. 

«Үсті-бастары жұпыны. Жағдайлары өте жаман, кір. Аяқтары жарылған, қолдары жырылған. Шаш жуылмағаннан киіз боп қалған. Қыздар тек нан жеп, су ішеміз дейді. Одан кейін қыздардың үстінде тек майка мен шалбар ғана. Тұрып жатқан үйлерін толық аралағанымда тіс пастасы мен щетка жоқ, не жуынатын сабын мен бас жуатын шампунь көрмедім. Екеуінен қоңырсық иіс шығып тұр», –  деді сыныптасы Айша.

Қыздар мектепте оқып жүрген кезде, яғни 15-16 жастарында немере ағасы Қанат Әбілдаев қамқоршылығына алған. Оның айтуынша, екеуін 2016 жылы өз інісі Сәулебек Әбілдаев асырауына алып кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →