×

5G қашан қолжетімді болады? Министр Бағдат Мусин жауап берді

Әзірге міндет облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды қамту дейді министр

5G қашан қолжетімді болады? Министр Бағдат Мусин жауап берді
primeminister.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстанда 5G интернет жылдамдығының дамуы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

 

"Жалпы, әлем бойынша да 5G технологиясы әлі ауылдық жерлерге енген жоқ. Біздің аядымызда әзірге облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды қамту міндеті тұр. Биылғы жылдың соңына дейін 600-700 базалық станция салу міндеті тұрды, бірақ станцияларды аукционда жеңіп алған операторлар жоспарды Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 1000-нан астам станцияға ауыстырды. Тұрғындар жаңа технологиялар мен жаңа байланыс стандарттарын қолданып көруі үшін бірқатар облыс орталықтарында бірнеше станциялар орнатылады. Республикада 2027 жылға қарай барлық облыс орталықтарын қамтуды жоспарлаған болатын, бірақ қазір байланыс операторлары жоспарларын қайта қарап, барлық жұмысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр", -  деді министр Бағдат Мусин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →