×

Астанада 2015 жылдан бері алимент төлемеген адам қамауға алынды

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады

Астанада 2015 жылдан бері алимент төлемеген адам қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы алимент бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талдау жүргізу барысында 2015 жылдан бері 19 млн.теңгеден астам берешегі бар алимент төлемеген тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап  

 “Аудан прокуратурасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.
 

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу әкімшілік жауапкершілігіне тартылды.

 

  Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады”, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →