×

Боранбаевтың жазасы жеңілдеді

Кеше Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 миллиард теңге қайтарғаны белгілі болған еді

Боранбаевтың жазасы жеңілдеді
prosports.kz

Астанада Дариға Назарбаеваның құдасы болған, белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Негізі 31 наурызда ол 8 жылға сотталған. Содан кейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжат түпнұсқасының болмауына байланысты бірінші инстанциядағы сот үкімінің күшін жойды.
Енді, міне, бүгін жазасы жеңілдетілді. Қайрат Боранбаев және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп, оларды заңдастыруға қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.  


Боранбаев пен Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып, үшеуіде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.


Айта кетейік, кеше Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 миллиард теңге қайтарғаны белгілі болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →