×

"Кешірім сұрамаймын": Ринат Зайытов өзіне ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын мәлімдеді

Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар

"Кешірім сұрамаймын": Ринат Зайытов өзіне ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын мәлімдеді
Ашық дереккөздерден

Қазақстанда алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды деп сұхбат берген Мәжіліс депутат Ринат Зайытовты қорқытып жатқандар көбейген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кейінгі екі күнде маған қарай екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды. Оны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген. Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019 жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі», - дейді Ринат Зайытов.

Ол алдымен өзін қорқыту, екіншісі жеке басына қастандық жасалса, осы себептен екенін ескерту деп отыр. 

«Сөз жоқ, ақылды жүріс. Екеуінің біреуіне жеткенше олардың тоқтамайтынын да білемін. Тәуекел. Маңдайға жазғанын көреміз. Бәріне бірдей бір ғана жауабым бар.Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым – елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын! Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын», - дейді депутат.

Ол әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес деп отыр. Алға қойған нақты мақсаты мен жоспарым бар екенін айтқан.

«Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл. Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында.  Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын. What’saApp-қа шығып, қорқытпақшы болып жатқан батырсымақтар. Сендерден шошып жүретін жағдайым жоқ. Аптасына бес күн жұмысқа жаяу барып, жаяу келемін. Қолдарынан келгенін істеп алыңдар. Оққағарым да, сендер айтқан «братвам», да жоқ. Сенгенім бір Құдай», - дейді мәжілісмен.

Айта кетейік, “Адырна” ұлттық порталының Youtube арнасына берген сұхбатында “Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтың 80 пайызын жасап отырған қауым – намаз оқитындар” деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →