×

Абай облысы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады

Абай облысы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысы әкімдігі

Абай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы дертіне шалдыққан деген күдікке ілінді. Осыған байланысты бүгін таңертеңнен ауылдың кіреберісіне блок-пост қойылып, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Науқас деп тапқан адам ПТР тестінен өткен, ауру белгісі расталмаған. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.
 

“Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – дейді әкімдік.

Еске салайық, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

Әкімдік барлық аудан тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →