×

Ақтау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Ербол Ізбергенов қызметінен өз еркімен кетті

Ақтау қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов қызметінен өз еркімен кетіп, оның орнына Ұлықбек Тіналиев тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ұлықбек Тіналиев Атырау мұнай және газ институтының бакалавриатын "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығы бойынша бітірген, "Техника ғылымдары" магистрі, сондай-ақ "Экономика және бизнес"магистрі академиялық дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.
Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін-Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →