×

Татарстанға бермекші болған. Петропавлдағы ботаникалық баққа қатысты тың ақпарат шықты

Ботаникалық бақ төрағасы Рязаповтың хатына қатысты басқарма оның ойын дұрыс жеткізбегенін түсіндірді

Татарстанға бермекші болған. Петропавлдағы ботаникалық баққа қатысты тың ақпарат шықты
Google maps

Петропавлдың ботаникалық бағы Қазақстанда қалатын болды. Бұл туралы «Ботаникалық бақ «Табиғат балалары» ҚБ төрағасы Равиль 
Рязаповтың хатына жауап берген білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, бақшаның жағдайы жақсы. Күту және қаржыландыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Биылғы жылы жөндеу жұмыстарына 90 миллион теңгеден астам, материалдық базаны нығайтуға және шатырды жөндеуге 20 миллионнан астам теңге бөлінген. 

Онда жұмыс істейтін 21 адамның барлығы дер кезінде жалақыларын алып, әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етіліпті. Ботаникалық бақ төрағасы Рязаповтың хатына қатысты басқарма оның ойын дұрыс жеткізбегенін түсіндірді. 

Ол Петропавлдағы мемлекеттік ботаникалық баққа қатысы жоқ жеке коллекциясын Татарстан Республикасына беруді ұсынған.

1912 жылы ашылған бақтың 100 жылдан астам тарихы бар. 2018 жылы «Жас дарын» саз мектебінің балансына берілді.
Сондай-ақ Ботаникалық бақтың өсімдіктер коллекциясы мемлекет меншігінде екенін атап өтеміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →