×

Шымкентте ұн мен қанттың бағасы бірден қымбаттап кетті

Әкімдік бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді

Шымкентте ұн мен қанттың бағасы бірден қымбаттап кетті
Петр Ковалев / ТАСС

Шымкентте ұн мен қанттың бағасы бір апта ішінде қатты қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір апта бұрын қабы 8 500 теңгеден сатылған құмшекер қазір 11 000 теңгеден сатылып тұр. Ал 12 000 теңге болған 50 келілік ұн 16 000 теңгеден сатылуда. Ұн сататын қойма иелері Ресейдің экспортқа шектеу қойғанын айтады. Соның салдарынан елдегі баға бірден өскен. Бағаның өскенін сатушылар да мойындап отыр.  

"Бірінші сұрыпты ұн және құмшекер тауарларының бағасы Ресей демпингіне байланысты біршама төмендеген болатын. Бүгінде бірінші сортты ұнның және құмшекер бағасы қайта өз деңгейіне келуде. Ұн мен қант бағасы өскеннен наубайханадағы нанның құны да өзгерген", – деді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жандос Ханиев.

Қала әкімдігі халықты барынша тыныштандыруға тырысуда. Олардың айтуларынша, бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →