×

Мұхтар Мағауин АҚШ-тан көшіп кетті

Мұхтар Мағауин АҚШ-тан көшіп кетті
Halyq-uni.kz

Мұхтар Мағауин АҚШ-тан көшіп, Түркияның Кемер қаласында тұрып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшіс Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы журналист Қорғанбек Аманжол  Facebook әлеуметтік желісінде сүйіншілеп хабарлады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа жақсы лебіздерін білдіріп, жазушының елге оралуына тілексетістік білдіріп жатыр. Facebook-тегі бұл ақпаратпен жазушының келіні Алтын Мағауина да бөліскен.

Мұхтар Мағауин бұған дейін Америка Құрама Штаттарында тұрған. Ал оған дейін 2007 жылы Чехияға қоныс аударған болатын. 

Жазушы өз отанынан кетіп, шет ел асуының былай түсіндірген еді:

“Қазақта «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар деген” сөз бар. Мен баяғы орыстың диссидентін отырғызып, желкелеп шығарып салғандай жағдайды бастан кешкем жоқ, мен өзім кеттім. Тыныш жұмыс істеу керек. Әдебиетте әртүрлі дау-дамай болады. Әуезов те, Мағжан да сынға ұшыраған. Алайда маған қарсы үлкен науқан жүрді. Мысалы сондай өтіріктің бірі «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы 9 нөмірінде «Мұхаммед пайғамбардың әйелі Айша анамызға тіл тигізген повесть басылды» деп жазылды. Жұрттың бәрі іздеді, жоқ ондай нәрсе, журнал жаңа ғана шыққан. Шыққанына ай болмаған. Сол сияқты нәрселер. Оның бәрінің жазуыма ешқандай әсері болған жоқ. Бірақ маған тыныштық керек, халқыңа керек болмасаң, болашақ ұрпаққа керексің, содан кейін сыртқа кетуге тура келді...Менің үкіметке де, басқаларға да ешқандай өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы да жоқ”.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →