×

Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады

Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған
gov.kz

Ағымдағы жылы Бейімбет Майлин ауданының білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.

Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалған.

“Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын-алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау - прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады”, – дейді хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →