×

Almaty TV жаңа маусымда көрермендерін жаңа жобалармен қуантады

«Almaty» телеарнасында жаңа маусым басталды

Almaty TV жаңа маусымда көрермендерін жаңа жобалармен қуантады
Almaty tv

«Almaty» телеарнасында жаңа маусым басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Қазақ музыкасының шежіресі, салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық код жаңа жобаларда – үлкен-кішіні түгел қамтитын бағдарламалар мен қызықты телехикаяларда және жұртшылықтың көңілінен шығып жүрген артистер қатысатын шоуларда көрініс таппақ.

Жаңа маусымға «алматылықтар» «Almaty» телеарнасындағы оң өзгерістерге лайық музыка жазып, канал логотипінің түсі күзгі сарғыш түске ауысты.

Бағдарламалар:

Қайрат Әділгерей мен Мөлдір Анарбаева жүргізетін күнделікті екі сағаттық музыкалық жоба «Жұлдызды караоке», қазақ КВН чемпиондарының «Назар аудар» құрамасы қатысатын «Кешкі Алматы» кешкі шоуы және Рахман Омаров жүргізетін «Су тегін» интерактивті бағдарламасы көрерменнің көңілін көтермек. 

Сонымен қатар, Рауан Рамазан жүргізетін «Жерұйық» travel show, Жанарбек Әшімжан жүргізетін «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасы, Бақыт Шадаева жүргізетін «Семейный альбом», «Күлкі және көз жасы» атты музыкалық-юмористикалық моноспектакль, жас айтыскерлер әзіл-қалжыңмен сөз сайысына түсетін «Біржан-Сара ізімен» айтысының жалғасы тағы бар.

Көрерменнің көңілінен шыққан жобалар жаңа маусымда жалғасын табады. Олар: таңғы шоу «Таңғы Studio», «Обо всем без купюр», «Алматинские истории», «Анық Time» танымдық бағдарламалары.

Телехикаялар:

Биылғы күзде «Almaty» телеарнасы көрерменге мелодрама, ситком, комедия жанрларындағы 6 жаңа телехикая ұсынбақ. Ол жобаларға халықтың жүрек төрінен орын алған белгілі театр және кино артистері, талантты режиссерлер, сценаристер мен продюсерлер қатысты.

«Әділеттің жолы», «Мұғалім», «727», «Академия», «Өнер ордасы» және «Өміріңе келдім» телехикаяларына махаббат, отбасы құндылықтары, әділдік пен еңбек, адалдық пен Отанға деген құрмет арқау болған.

Жаңалықтар:

Жаңа маусымда біздің журналистер көрермендерді еліміздегі және әлемдегі жаңалықтармен шұғыл хабардар етумен қатар, халықты толғандыратын өзекті мәселе көтеруді де жалғастырмақ.

Күндізгі және кешкі шығарылымдарға таңғы жаңалықтар, «Жаңа көзқарас» сараптамалық тележобасы, «A-NEWS» жағымды жаңалықтар зертханасы, сонымен қатар, «Іскер new’s» және «Мәдениет айнасы» бағдарламалары қосылды.

«Almaty» телеарнасы үздіксіз даму үстінде. Жаңа маусымдағы жаңа жобалар, репортаждар мен телепремьералар - осының айғағы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →