×

Вайнер Мейіржан Төребаев үйқамаққа шығарылды

Тағы бір танымал вайнер Мейірхан Шерниязовқа келсек, ол басты сот процесі кезінде абақтыда отыра бермек

Вайнер Мейіржан Төребаев үйқамаққа шығарылды
Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Сот адвокаттың Мейіржан Төребаевтың кәмелетке толмаған бес баласының болуына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды qaz365.kz

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Төребаев расымен кәмелетке толмаған бес бала тәрбиеленіп жатқан отбасының жалғыз асыраушысы, оның денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін қарт анасы да бар. Жалпы алғанда мұндай мән-жайлар, соттың пікірінше, Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақ сияқты жеңілдетілген түрге өзгертуге негіз болуы мүмкін", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін соттың алдын ала отырысында Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынған болатын.  2023 жылдың 9 қаңтарында сағат 10.00-де Алматыдағы "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасының атышулы ісі бойынша басты сот отырысы өтеді.

Тағы бір танымал вайнер Мейірхан Шерниязовқа келсек, ол басты сот процесі кезінде абақтыда отыра бермек.

Еске салайық, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде қамауға алынған болатын. Олардан басқа іс бойынша сотталушы – үшінші вайнер – Әзімжан Саидбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлік, үш автокөлік, тоғыз банктік есепшот және 16 компанияның капиталындағы түрлі үлестері тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Алматы облысында ер адам қыздарын зорлады деп айыпталды
Бүгін, 17:49

Алматы облысында ер адам қыздарын зорлады деп айыпталды

Апалы-сіңілі полиция қорғауына алынды
Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты
Желіде оны түрмеде "сындырып" жатыр деген ақпарат тарады
Президенттің баспасөз хатшысы түсініктеме берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →