×

Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті

Бұл туралы Антикор хабарлады

Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті
Антикор

 Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен жобаларды жүргізуге келісті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали бастаған Қазақстанның Антикор делегациясы Француз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (AFA) басшысы Изабель Жегозомен және Сыбайлас жемқорлыққа және қаржылық және салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі орталық басқарманың (OCLCIFF) басшысы Гийом Эзармен кездесті.

“Екі француз ведомствосы да коррупцияның алдын алу және жемқорлық қылмыстарын, оның ішінде жымқырған ақшаны жылыстату мен алаяқтықпен байланысты жоғары шенді жемқорлықты тергеу мәселелерінде Агенттіктің стратегиялық әріптестері болып табылады.

Тараптар жемқорлыққа қарсы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің коррупцияға қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жобаларды жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Францияның Антикорын дербес байланысты азайту жолымен жемқорлық деңгейін төмендетуге оң әсер ететін мемлекеттік сатып алулар мен басқа да автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, процестерді цифрландыру бойынша Қазақстанның тәжірибесі қызықтырды”, – дейді Антикор мәлімдемесінде.

AFA мемлекеттік сатып алу саласындағы процестерді автоматтандыруда және әлеуетті тәуекелді тұлғаларды сәйкестендіруде, сондай-ақ ақпарат берушілерді қорғауды қоса алғанда, жемқорлық туралы фактілер туралы хабарлау кезінде call орталықтарының жұмыс рәсімдерінде әдіснамалық көмек көрсетуге дайын.

Антикордың мәліметінше, Француз ведомстволары ЭЫДҰ қабылдану үшін стандарттарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың жемқорлық үшін жауапкершілігі және белгісіз мүлікті тәркілеу бойынша нормативтік-реттеуші құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетуге келісім білдірді.
Қазақстан мен Францияның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы және өзара іс-қимыл екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →