×

Тоқаев құны 20 миллиард теңгелік «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Тоқаев құны 20 миллиард теңгелік «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты
akorda.kz

Мемлекет басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қызылорда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тоқаевқа «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысын таныстырды. Әкімнің айтуынша, жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізіледі. 

Халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады.  Жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады. Сондай-ақ түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →