×

«Субсидия төленгенде мұншалықты қиналмас едік»: Түркістан облысында мақтаның бағасы түсіп кеткен

Жетісайлық шаруаларға биыл мақта өсіру оңайға соқпады

«Субсидия төленгенде мұншалықты қиналмас едік»: Түркістан облысында мақтаның бағасы түсіп кеткен
aptamedia.kz

Биыл оңтүстіктегі мақта өсірумен айналысатын шаруалардың көңілі күпті. Себебі, ақ алтынның бағасы былтырғыдан да түсіп кеткен. Жиын-терімді бастаған шаруалар биылғы баға маңдай терімізді ақтамайды деп отыр. Оның үстіне зауыт иелері өткізген өнімнің ақысын толық бермейді деп қынжылады. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісайлық шаруаларға биыл мақта өсіру оңайға соқпады. Минералды тыңайтқыш пен жанар-жағармай, ағын су қымбат. Енді жиын терім кезінде жұмыс күші де, мақта теретін техникалар да бағаны аспандатып жіберген. Комбайндар гектарына 60-70 мың теңге алады. Ал жұмысшылар мақтаның келісін 45-50 теңгеден тереді. Бұл салыстырмалы түрде қымбат саналады. Мақтамен күн көріп отырған тұрғындар өнім алғанша миллиондаған қаражат жұмсаған.

Ала жаздайғы еңбек зая кетті деген шаруалар субсидия төленгенде мұншалықты қиналмас едік дейді. Ал мақтадан басқа дақыл егуге жер жарамайды. Ағын су да тапшы.

Жауаптылар мақтаның өніміне субцидия берілмейтінін, есесіне тұқым мен тыңайтқыштың 50%-ын мемлекет өтеп беретінін айтады. Қазір өңірдегі мақта қабылдау пункттері жұмысын бастағанымен, шаруаларға толық ақшасын бере алмай отыр. Сырттан алушы келмеген соң, нақты баға да белгіленбеген.

 «Өткізіп жатқан шаруалардың негізгісінен қарызға алған мақталарды қабылдап жатырмыз. Сосын жеке өзі қарыз еместері де, өткізіп жатыр. Оларға 150 теңгеден аванс беріп жатырмыз. Бізде нақты баға жоқ», - дейді мақта қабылдау бекетінің өкілі Нұрлан Қосақбаев.

 «Мысалы жеті зауыт болса, бізде нақты жұмыс істеп жатқан қазіргі таңда бес зауыт 220 теңгеден деп белгіледі. Қазір 220 теңгеден бағаны шығарды олар. Ал 100 бен 150 мың теңгенің арасында аванс беріп жатыр қазіргі таңда», - дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков.

Өңірдегі 21 зауыттың 200-ден астам мақта қабылдау бекеті бар. Өндіріс қожайындары жоғары баға қоя алмаймыз, қалтамыз көтермейді дейді. Сондықтан баға әзірге тек 220 теңгеден ары аспайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →