×

Жамбыл тұрғыны ауласында алтын өңдейтін цех ашып алған

Жамбылда 54 жастағы азамат үйінде отырып кен өндіріп келген

Жамбыл тұрғыны ауласында алтын өңдейтін цех ашып алған
Фото. Полиция департаменті

Мойынқұм ауданының тұрғынын тінту кезінде сарайынан бір тоннаға тарта әр түрлі тастар табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ауыл азаматы құрамында  бағалы металдар бар шикізаттың біраз бөлігін қапшықтарға салып қойыпты. Тіпті көлеңкелі кәсібін кеңейту үшін түрлі техника сатып алған. Онда қолдан жасалған 3 бірдей тас уатқыш тәркіленді. Қазір заңсыз қазба жұмысымен айналысқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, оның 7 млн теңгеге жуық айыппұл төлеп, жазадан құтылып кету мүмкіндігі бар.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295 бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі қажетті барлық сот сараптама тағайындалды», - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады
Кеше, 18:21

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова мерейтойға мемлекет ақша бөлсе, дау болады деп топшылайды
Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →