×

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды

Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды qaz365.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"49 грамм үшін": Индонезияда екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр
Кеше, 09:14

"49 грамм үшін": Индонезияда екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған
Іс бойынша толық мәлімет әзірге жарияланған жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →