×

Жолдың жай-күйін жазған журналистер марапатталды

БАҚ журналистері мен блогерлер арасында өткен байқауға түскен материалдар саны көп

Жолдың жай-күйін жазған журналистер марапатталды

Бүгін ҚР Көлік министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарындағы жолдардың жай-күйі туралы үздік жарияланымдар байқауының жеңімпаздарын анықтады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ журналистері мен блогерлер арасында өткен байқауға түскен материалдар саны көп болды. Талаптарға сай және ең үздік деген 44 материал таңдап алынып, оның ішінен үздіктер анықталды (11 – телеарналардан, 5 – газеттерден, 21 – сайттардан, 7 – блогерлерден).

Материалдарды арнайы құрылған комисия қарады. Конкурста «Үздік телевизиялық сюжет», «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Әлеуметтік желідегі ең үздік жазба», «Директордың арнайы сыйлығы» номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды. Марапаттау іс-шарасына "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" РМК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Атамбай, ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының директоры Асхат Үсенов, ЖАҰСО Алматы облыстық филиалының директоры Ержан Жасыбаев қатысты. БАҚ өкілдерін марапаттарымен құттықтаймыз!

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев
Бүгін, 09:09

Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →